Қызылтаңдай (Roemeria) - көкнәр тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Биологиялық сипаттамасы Биіктігі 10-60 см, жапырағы қандауыр пішінді, қауырсын салалы, тілімделген, қарама-қарсы немесе кезекті орналасқан. Гүлі күлгін, ашық қызыл, жеке-жеке орналасқан. Сәуір-маусым айларында гүлдейді. Таралуы Қызылтаңдайдың Еуропа мен Азияда таралған 9, Ресей мен Қазақстанда тараған 2 түрі кездеседі. Өсуі Қызылтаңдай көбіне тау беткейі, құмды жерлер, бау-бақша, егістік жерлерде арам шөп түрінде өседі. Қызылтаңдайдың құрамында эфедрин, ремерин алколоидтары бар. Бұдан дәрі жасалады. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:Көкнәрлер