Жайдаров Айтмұхамед (1929 – 2003) – қызметкер. Ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1970). Еркіншілік ауданы «Еңбек Туы» газетінде редактор (1955 – 56), ауданы мәдениет бөлімінің басшысы (1956 – 58), Қарағанды партия мектебінде оқуда (1958 – 61), Изобильный кеңшарында партия ұйымының хатшысы (1961 – 63), Баршын (1963 – 72), Воздвиженский (1972 – 76) кеңшарларында директор, Атбасар ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (1976 – 78), Макин ауданы атқару комитетінің төрағасы (1978 – 93), о блысы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының 1-орынбасары (1983 – 89) қызметтерін атқарған.Қазақ Энциклопедиясы

Пайдаланылған cілтемелер

Санат:Ғылым