Жанайдаров Ораз Ахметжанұлы (1930 жылы туған, Есіл ауданы Далабай ауылы) – ғалым, экономикалық ғылым кандидаты. (1965). ҚазҰУ-ды (1953), орталық Азия университетінің (Ташкент, 1954) арнайы экономикалық курсын бітірген. Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы, факултет деканы (1954 – 69), Қарағанды кооперативтік институтында оқу жөніндегі проректор (1969 – 79), Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1979 – 89), 1989 жылдан Абай атындағы ҚазҰПУ-де кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Жанайдаров 160 ғылыми. еңбектің, 2 монографияның авторы. «Құрмет белгісі» ордені, медальдармен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы

Пайдаланылған cілтемелер

Санат:Ғылым