Зиябек Рүстемов - Орта Азия мен Қазақстанның партия, совет қызметкері, журналист. 1917 жылдан Компартия мүшесі. Кедей шаруа отбасында туған.

Шаңышқылы тайпасының Сұрым руынан шыққан. Еңбек жолы Зиябек Рүстемов еңбек жолын мұғалімдіктен бастады. Оңтүстік Қазақстандағы тұңғыш ауыл шаруашылық коммунасын ұйымдастырушылардың бірі. Ташкенттегі Орта Азия Коммунистік университетін бітірген. Ол оқудан қол үзбей жүріп, "Кедей айнасы" журналын ұйымдастыруға ат салысты, оның бас редакторы болды. Қостанай округ "Ауыл" газетінің редакторы, Орта Азия радио орталығынң редакторы, "Қызыл Қарақалпақстан" газетінің бас редакторы; Зиябек Рүстемов 1932-1936 ж. БКП ОК Орта Азиялық бюолсының нұсқаушысы, Өзбекстандағы Беговат аудандық, Маргелан қалалық комитеттерінің , Термез ауаткомының председателі т.б. жауапты қызметтер атқарды. Зиябек Рүстемов - журналист әрі ақын. Оның жалынды публистикалық мақалалары, фельетондары, әңгімелері мен очрктері, өлеңдері республикалық, өлкелік газет-журналдарда үздіксіз жарияланып тұрды. Оның таңдамалы өлеңдер жинағы жарық көрді. Зиябек Рүстемовке туған жері - "Келес" ауылында ескерткіш орнатылған. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том

Дереккөздер

Санат:КСРО тұлғалары