Борис Александрович Рыбаков - совет археологы, тарихшы және қоғам қайраткері, КСРО ҒА акадимигі. 1951 жылдан КОКП мүшесі. Мәскеу университетін бітірген. Профессор. КСРО Ға Археологиялық институтының директоры, КСРО ҒА тарих бөлімшесінің академиялық-секретары. 1932 жылдан ежелгі орыс қалаларының орнына қазба жұмыстарын жүргізумен айналысты. Бористың негізгі еңбектері шығыс славяндары мен ежелгі Русьтің әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихын және ежелгі орыстардың кәсібі мен мәдениетінің, тілінің, метрологиясы мен эпиграфикасының, хронологиясының, шежіресінің, халық эпосының т.б. тарихын зерттеуге арналды. Ол-Чехословакия, Польша ғылым академиясының акадимигі; Краковтағы Ягеллон университетінің құрметті докторы; көне және ежелгі заманның тарих ғылымы халықаралық одағы атқару комитетінің әрі славистер халықаралық одағының мүшесі; советтік тарих ғылымының атынан әлденеше халықаралық конгрестерге қатысты. Борис -1958 жылдан "КСРО - Грекия" қоғамының председателі.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том
Дереккөздер
Санат:КСРО тұлғалары