Қарамола – Қарақтау тауларының орта бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігі Жиделі ауылының солтүстік-батысында 32 км жерде орналасқан. Сырдария өзенінің алабында.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 388 м. Қарақтау тауларының ең биік жері болып есептеледі. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 18 км-ге созылып жатыр, енді жері 5-6 км шамасында. Беткейі тіктеу, сай-жыралармен тілімденген. Кейбір бөліктерінің түпкі жыныстары жалаңаштанған. Батысында Үшбай, Мұзбел құдықтары, шығысында Жосалы қонысы орналасқан.

Өсімдігі Сортаңды сұр топырақ жамылғысында боз жусан, балыш, күйреуік, сексеуіл қалың өседі. Қысқы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Арыс қалалық әкімдігі таулары