Қиғаш — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауыл, Қиғаш ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 39 км жерде. Ресеймен шекаралас орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 396 адам (214 ер адам және 182 әйел адам) болса, 2009 жылы 604 адамды (308 ер адам және 296 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 787 адамды (417 ер адам және 370 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Әлеуметтік және мәдени нысандары Қиғаш орта мектебі «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы Қиғаш ауылдық клубы

Елді мекендегі көшелер Азаттық көшесі Әйтеке би көшесі Бейбітшілік көшесі Бейімбет Майлин көшесі Бөкей хан көшесі Егемен Қазақстан көшесі Жамбыл Жабаев көшесі Жастар көшесі Мақаш әкім көшесі Мұқағали Мақатаев көшесі Сәкен Сейфуллин көшесі Сейіт баба көшесі Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесі Сырым Датов көшесі Халықтар достығы көшесі Шәмші Қалдаяқов көшесі

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері