Карлов университеті() — Европадағы байырғы университеттердің бірі және бірінші славян университеті. 1348 жылы Прагада император Карл IV негізін құрған. Алғашқыда университетте еркін өнер, құқық, медицина факультеттері болды.Чехия ЖОО-да емтихан түрлері thumb|left|Университеттің басты корпусы

Тарихы Гусив революция қозғалысы кезінде Карлов университеті ұлт-азаттық және антикатоликтік күрестің орталығына айналды. 1526 жылы Прагада Карлов университетінің ықпалын нашарлату мақсатында иезуиттік академия құрылды, ол 1654 жылы император Фердинанд III кезінде Карлов университетімен бірктіріліп, Карл-Фердинанд университеті болды. Ұлттық қайта өркендеу кезінде (18 ғ-дың соңы, 19 ғ-дың орта шені) университет студенттері мен профессорлары Чехияны Австрия үстемдігімен азат ету күресіне, 1448-1449 жылдары революциялық қозғалысқа қатысты. 1882 жылы Карлов университеті екіге: чех және неміс университетіне бөлінді. Неміс-фашизм оккупациясы кезінде университет жұмысын тоқтатып, 1945 жылы қайта ашылды.

Университет факультеттері Карлов университеті құрамында: математика және физика жаратылыс тану ғылымдары жалпы медицина медицина философия заң мәдениет және журналистика дене тәрбиесі және спорт факультеттері бар.Қазақ совет энциклопедиясы, 333-бет, 9-том, Алматы, 1976 ж.

Дереккөздер

Санат:Чехия жоғарғы оқу орындары