Джироламо Савонарола - флоренция діни-саяси қайраткері.

1475 ж. Болоньдегі доминикандар орденінің монастырына кірді. 1479 жылдан Феррарада, 1482 жылдан Флоренцияда, Сан-Джиминьода, Брешияда дінді уағыздады. Уағыздарында Медичидің қатыгездігіне қарсы шықты, әлеуметтік қайшылықтарды айыптады, рим папаларының саясатын, тұрмыс-салтын сынады. Медичи тираниясы құлағаннан кейін Флоренцияда республикалық құрылысты орнатуға көмектесті. Діни саяси айыппен дарға асылып, сүйегі өртелді. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том

Дереккөздер

Санат:Италия тұлғалары