Сағынтай Есенғалиұлы Тайбағаров (1933 жыл 25 тамыз, Қостанай – 2007 жыл 27 тамыз, Алматы) – медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1973). Еңбек жолы 1958 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және 1963 жылы аспирантурасын бітірген; 1963 жылдан осы оқу орнында ассистент, доцент болған; 1973-2002 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін атқарған; Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің бас оториноларингологы болған. Ғылыми еңбектері Ғылыми еңбектері онкология, фониатрия, көмей аурулары мәселелеріне арналған.Қазақстан тарихы: Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. – 544 бет. ISBN 9965-893-30-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:1933 жылы туғандар Санат:2007 жылы қайтыс болғандар