нобай|1970 Вениамин Александрович Каверин (19.4.1902, Псков қаласы) – орыс совет жазушысы, Шығыс тілдері институтын (1923), Ленинград университетін бітірді. Алғашқы әңгімесі 1922 жылы жариаланды. «Тілектің орындалуы» (1934-1936), «Екі капитан» романдары (1938-1944) және «Ашық кітап» трилогиясы (1949-1956) тағы басқа шығармалары жарық көрді. Шығармалардың негізгі идеялық арқауы – совет интеллигенциясының жаңа қоғамдық құрылыстағы үлесі, ескірлікпен күрестегі жеңісі. Каверин кітаптары көптеген шетелдік және КСРО халықтары тіліне аударылды. Оның «Екі капитан» романына (КСРО Мемлекет сыйлығы, 1946) 25 жылды 42 рет басылды, қазақ тіліне шықты (1956 жылы). Каверин 3 орден және медальдармен марапатталды.Қазақ Совет Энциклопедиясы,3 том

Шығармалары

Романдары мен повестері

«Шеберлер мен шәкірттер», жинақ (1923) «Тағдырдың оннан тоғызы», роман (1925) «Хазаның ақыры», повесть (1924) «Бұзақы, не Васильев аралындағы кештер», роман (1928—1980) «Адамның жобасы» (1931—1980) «Суретші белгісіз», роман (1931) — алғашқы кеңес әдебиетіндегі соңғы формальды эксперименттердің бірі «Тілектердің орындалуы», роман (1—2-кітаптар, 1934—1936; жаңа редакциясы 1973) «Екі капитан», роман (1—2-кітаптар, 1936—1944) «Ашық кітап», роман (1946—1956—1964—1980) «Бейтаныс дос», повесть (1957—1959) «Әйнек сынығы», повесть (1960) «Жеті жұп таза емес», повесть (1961) «Қиғаш жаңбыр», повесть (1962) «Қос портрет», роман (1963—1964) — жұмыстан шығарылған, өтірік айыппен лагерьге түскен ғалым туралы баяндайды «О. И. Сенковский (Барон Брамбеус)» (1929; 1964 — жаңа редакциясы) «Айна алдында», роман (1965—1970) — бір орыс суретшісінің тағдырын ашады, әсіресе эмиграция кезеңіне тоқталып, көркем баяндауға нақты құжаттарды мұқият енгізеді «Екі сағаттық серуен», роман (1977—1980) — кеңес ғалымдарының өмірі туралы «Қоштасу ғылымы», роман (1983) «Құпия жолдың үстінде» (1989) — ақын және жазушы Борис Матвеевич Лапиннің өмірі туралы роман

Дереккөздер

Санат:1989 жылы қайтыс болғандар Санат:1902 жылы туғандар Санат:19 сәуірде туғандар Санат:КСРО жазушылары Санат:Псковта туғандар Санат:Шығыс тілдері институты түлектері