Семевский Василий Иванович [25. 12. 1848 (6. 1. 1849), Витебск губерниясы, Полоцк қаласы,–21. 9. (4. 10). 1916, Санкт-Петербург] – орыс тарихшысы. Санкт-Петербург университетін (1872) бітірді. Осы университеттің приват-доценті (1882–86). «Теріс бағыты» үшін оқытушылықтан шығарылды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. 1905 жылы азат етілген Шлиссельбург тұтқындарына көмектесу комитетінің председателі және саяси жер аударылғандарға көмек комитетіне мүше болды. 1906 жылдан халықтық социалистер партиясына мүше. 1913 ж. «Голос минувшего» журналын шығаруға қатысты және оның редакторларының бірі болды. Семевский – либерал-халықшылдық бағыт ұстаған тарихшы.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев