Абазиндер (өзд. атауы -абаза) — Кавказдың тұрғылықты халықтарының бірі. Ресейдің Қарашай-Шеркесия республикасында шоғырланған. Алғашқы абазиндер қонысының туған жері – қазіргі Абхазия. Бірақ ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін жер болмағандықтан, олар қоныс аударуға мәжбүр болды және ақырында Черкес аймақтарына көшті.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9

Эндоэтнонимдері Орысша - «Абазины»; түрікше - «Аbazalar»; абхазша - «Aшәқәа»; арабша - «ٲباظيون»; ағылшынша - «Abazins»; осетинше - «Абазæгтæ»; ингушше - «Абазой»; туркменше - «Abazinler»; полякша - «Abazyńczycy»; литваша - «Abazinai»; венгерше - «Abazák»; итальянша - «Abazi»; хорватша - «Abazini»; болгарша - «Абазини»; немісше - «Abasinen»; испанша - «Abasios»; украинша - «Абазинці».

Субэтникалық топтары Этнографиялық жағынан олар екі топқа бөлінеді: Тапанта және Шкарауа.

Нәсілі Олар үлкен европеоид нәсілінің Балқан-кавказдық кіші тобына жатады.

Сырт келбеті Абазиндер кавказдық және понтиялық антропологиялық типке жатады. Сыртқы түрінің ерекше белгілері: орташа бойлы; жұқа, арық мүсінді; тар бет; мұрыны жоғары; қара шаш; сұр, көк, қоңыр, қара тар көздер. Бұрынғы заманда абазалықтар жіңішке белді әйел сұлулығының ең маңызды белгісі деп санаған. Осы стандартты орындауға тырысқан абаза қыздары 12 жастан бастап ағаш қабырғалары бар қалың матадан тігілген корсет киген.

Тілі Абазиндер Солтүстік Кавказ отбасының абхаз-адыг тобына жататын абазин тілінде сөйлейді, оның екі диалектісі бар - тапант және ашхар. Жазуы латын әліпбиі негізінде 1932-1933 ж.жасалды, 1938 ж. кириллицаға көшірілген. Ресейдегі абазалардың көпшілігі кабардин-черкес (адыгей) және орыс тілдерін де біледі.

Жазуы 1932 жылға дейін араб жазуы әртүрлі нұсқаларда қолданылған. 1932 жылдан латын әліпбиіі негізінде, 1938 жылдан кириллица негізінде заманауи жазу. Түркияда тұратын абазалар түрік жазуын пайдаланады. 1938 жылдан бастап кириллица әліпбиіне негізделген қазіргі жазу: Аа Бб Вв Гг Гвгв Гъгъ Гъвгъв Гъьгъь Гьгь Гlгl Гlвгlв Дд Дждж Джвджв Джьджь Дздз Ее Ёё Жж Жвжв Жьжь Зз Ии Йй Кк Квкв Къкъ Къвкъв Къькъь Кькь Кlкl Кlвкlв Кlькlь Лл Льль Мм Нн Оо Пп Пlпl Рр Сс Тт Тлтл Тштш Тlтl Уу Фф Хх Хвхв Хьхь Хlхl Хlвхlв Цц Цlцl Чч Чвчв Чlчl Чlвчlв Шш Шlшl Швшв Щщ Ъъ Ыы Ьь Ээ Юю Яя

Діні Ежелгі дәуірде абазиндер табиғат күштерін құдай санаған. Олар рухтарға сеніп, жаңбырдың, судың, жануарлардың, аралардың және ормандардың қамқоршыларына табынатын. Егер адам ауырып қалса, абазалар бәрін шайтандарға жүктеп, бала өлсе, бақсы кінәлі деп есептеген.

1782 жылы абазалардың діні христиандық пен пантеизмнің қоспасы деген пікір айтылды, бірақ олар өздерін христиан деп санады. Алайда кейінірек абазалар көршілес мұсылмандардың ықпалына түсіп, бүгінде сунниттік исламды ұстанады.

Негізгі қоныстану аймағы және халқы 2010 жылғы санақ бойынша Ресейде 43 000 абазиндер болды, ал 2020 жылғы санақ бойынша - 41 793. Бұл ұлт өкілдерінің көпшілігі Қарашай-Шеркесияда тұрады, онда 13 абазиндер ауылы бар. Оның үстіне Қарашай-Шеркесиядағы 37 мың абазиндердің 10 мыңнан астамы Черкесскіде тұрады.

Ставрополь өлкесінде 3500-ден астам, Мәскеуде 300-ден астам, Налшықта 250-ден астам абазиндер бар.

Абазиндердің жаппай көші-қон ағыны Кавказ соғысынан туындады. Дәл сол кезде көптеген абазиндер Иорданияға, Ливияға, Түркияға, Израильге, Сирияға және Мысырға көшті. Бүгінде әлемнің әртүрлі елдерінде 24 мыңнан астам адам өзін абазиндерміз деп санайды. нобай|оңға|200px|Абазин Этногенезі Абхазиядан шыққан Солтүстік абазиндер мен садздар өздерінің этногенезіне (және жалпы абхаздарға) абасги, апсил және саниги қатысқан деп есептейді. Олардың пайымдауынша, абазалардың ерте этногенезінде тек абасгилер ғана емес, сонымен бірге ежелгі және ерте ортағасырлық дәуірдегі басқа тайпалар, соның ішінде убыхтар, тіпті зихтердің бір бөлігі де қатысқан. Алайда абаза халқының негізгі этникалық құрамдас бөлігі (өзегі) абастар болды. Кейбір ғалымдар оларды абазиндердің (протоабхаздардың) тікелей арғы аталары деп те атайды. Екінші көзқарасты жақтаушылар орта ғасырдағы абаза халқының қалыптасуы X ғасырда аяқталды деп сендіреді.

Тарихы Абазиндер - Кавказдың байырғы тұрғындары. Олардың ата-бабалары абхаздардың солтүстік көршілері болған және олар біздің дәуіріміздің 1-ші мыңжылдығында ішінара ассимиляцияланған. XIV-XVII ғасырларда Қара теңіз жағалауын бойлай, Туапсе мен Бзыбь өзендерінің аралығында өмір сүрген абазалар Солтүстік Кавказға қоныс аударып, онда Адыгей тайпаларымен көршілес қоныстанды. Кейіннен абазалардың едәуір бөлігі черкестермен ассимиляцияланды.

19 ғасырда орыстар мен түріктер арасындағы соғыс кезінде абазиндер көрші халықтар черкестер мен абхаздармен бірге ауыр азапты бастан кешірді. 1836 жылы олар бірігіп Ставропольді басып алып, 1700 адамды тұтқындап, 8 мың бас малды ұрлады. Ресей мен Түркия арасындағы соғыс кезінде Абаза жері екіге бөлінді. Аборигендерге соғысып жатқан елдердің еркін жерлеріне күштеп көшуге бұйрық берілді. Орыстар жеңгенімен, халықтың басым бөлігі жаңа тұрғылықты жері үшін Түркияны таңдады. 1860 жылдары Орыс үкіметі абаза халқын жазыққа қоныстандырды.

Кәсібі Негізгі кәсібі – мал шаруашылығы және егіншілік. Егіншіліктің қос танапты жүйесі дамыған. Негізгі өсірілетін дақылдарына: бидай, жүгері, тары жатады. Ең алдымен, үйге жақын жер учаскелері жыртуға дайындалды, мұнда ауылшаруашылық құралдарын жеткізу оңай болды. Таудағы жерлер егіншілікке қолайсыз болды. Бау-бақша да абазиндердің маңызды кәсібі болды. Негізінен жабайы алма ағаштары, алмұрт, ит ағашы, бөріқарақат, жаңғақ өсңрңлдң. Үйлер мен шаруашылық құрылыстары үнемі жеміс ағаштарымен қоршалды. Отбасы құрылымында әлі де әулетімен бір аулада тұратын үрдіс сақталған. Абазиндердің көне кәсібінің бірі – омарташылық үлкен рөл атқарды. Олар балдан тәтті сусын дайындады.

Қолөнерден ұсталық, жүн, тері өңдеу дамыды. Абазиндер ежелден тұрмыстық қолөнерді дамытқан, онда отбасы ішілік еңбек бөлінісі болған. Осылайша, жүн мен тері өңдеу әйелдердің міндеті болса, ағаш, металл және тас өңдеу ерлердің жұмысы болды. Жүннен паранжа, жұқа мата және күнделікті киетін маталар, киіз аяқ киім, бас киім, белдік, аяқ киім, киіз, көрпе, сондай-ақ әртүрлі тоқылған бұйымдар жасалды, былғары өнеркәсібі дамыды. Теріден тон, бас киім, былғарыдан аяқ киім, ер-тоқым, сөмке, ат әбзелдері тігілген. Қой терісі – тері илеу ісі саудасының негізгі түрі болды.

Ұсталар ерекше құрметке ие болған. Олар орақ, шалғы, айыр, темір күрек, кетпен, таға, ат әбзелдерінің металл бөліктері, шынжыр, пышақ, қайшы т.б. жасап, жөндеген. Көптеген темір ұсталары да қару ұстасы болған, олар қаруларын (мылтық пен қанжар) күміс, алтын оюларымен безендірді. Мұндай қару жасаушылар өз кезегінде зергер болды. Абазиндердің қару-жарақ өндірісі терең дәстүрге ие болды. Шеберлер жебелер жасады (хрихыц). Қару-жарақ жасаумен қатар абазалық қару шеберлері әртүрлі калибрлі оқтарды жасаумен айналысты.

Тұрмыс салты нобай|оңға|200px|Абазин ауылындағы үйлену тойы. XIX ғ XIX ғасырда абазиндерде отбасының екі формасы болды: бір-үш ұрпақ жақын туыстарынан тұратын шағын отбасы және үлкен немесе патриархалдық отбасы. Көп балалы отбасылар орта есеппен 8-22 адамнан тұрады. Оларға: отағасы – әкесі немесе атасы, олардың әйелдері мен барлық ұрпақтары, отбасыларымен бірге жалғызбасты және үйленген ұлдар кірді. Абазалардың үлкен патриархалдық отбасылары біртұтас шаруашылық ұжымын құрады. Мұндай үлкен отбасы «ұжымдық меншік, ұжымдық өндіріс және ұжымдық тұтыну принциптеріне негізделген». Отбасының әйелдер жағының жұмысын үлкен әйел басқарды. Көп балалы отағасының әйелі азық-түлікпен қамтамасыз ету, сатуға арналған заттар мен матаны дайындау, жас балаларды тәрбиелеу және әйелдер арасындағы міндеттерді бөлуді басқарды.

Ауылдық қауымдастық құрамында болған патриархалдық отбасында ауылшаруашылық құрал-саймандары, тұрғын үйлер, мал және бақша бүкіл отбасының меншігі болды. Қайта бөлу кезінде отбасы егістік және шабындық жерлерге ие болды, оны барлық отбасы мүшелері бірлесіп өңдеді. Егіншілік пен мал шаруашылығынан түскен табыстар да ортақ меншік болды.

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Дәстүрлі ауылдары жазықта — тығыз орналасқан құрылыстарға, тауларда ұя тәрізді формаларға бөлінді. Дәстүрлі ауылдары өзен жағаларында орналасқан. Таудағы үйлер үлкен аумақты алып жатты. Үйлердің айналасын қоршап, бір қақпадан кіретіндей етіп жасады.

Абазиндердің көне баспаналары - дөңгелек үйлер болды. Бір және көп бөлмелі тоқыма құрылыстары да бар. Ортадағы үлкен бөлмесі - әрі ас үй, әрі ұйықтайтын, ошақ тұратын орын. 19-ғасырдан бастап балшық үйлер салына бастады. Пешті қабырғаға орнатып, еденін ағаштар жасады. Ір үйдің ауласында қонақ үйлер жеке салынды. 19 ғасырдың 2-жартысынан төбесі темір немесе плиткамен жабылған кірпіш және бөрене үйлер пайда болды. Шаруа иелігіне бір немесе бірнеше тұрғын үйлер болды, соның ішінде қонақ бөлмесі - кунацкая және олардан алшақтау салынған қосалқы құрылыстар кешені орналасты.

Дәстүрлі киімдері нобай|оңға|200px|Абазиндік жас әйел.1897 Абазиннің ұлттық киімдері басқа Кавказ халықтарының киімдерімен ортақ. Ерлердің киімдері кең шалбар мен белге дейін жететін, бір қатар түймелермен бекітілген биік жағалы жейдеден тұрды. Үстіңгі жағында тік жағасы, бүйір және кеуде қалталары, білегіне тарылған ұзын жеңдері бар бешмет киілді. Сырт киімі дәстүрлі кавказдық черкеска - ұзын жалбыраған жеңдері бар иық кафтан. Мерекелік киімдері тізеден 10-15 см төмен түсетін, күнделікті киімдері жамбастың ортасына дейін жететін ұзындықта болды. Кедейлер күңгірт түсті киім кисе, ауқатты абазиндер ақ пен қызыл түстерді ұнататын. Көйлектер әр алуан өрнектермен әшекейленді. Кеуденің екі жағында оқ пен мылтық сақталатын қалталарына бойлық тігістер тігілген. Міндетті элемент - бұл пышақ немесе қанжар бекітілген белдік.

Әйелдер костюмі ұзын етекті жейдеден тұрды. Үстіне жоғары жағы тығыз және белінен бастап кеңейген көйлек киді. Мереке күндері киім кеудеге, арқаға, бүкіл ұзындығы мен етегіне алтын кестемен әдемі безендірілген барқыт немесе паршадан жасалған қаусырмалы көйлекпен толықтырылды. Олар зергерлік бұйымдарды - сақиналар, алқалар, көлемді сырғалар, білезіктер, күміс белдіктерді пайдаланды. Бас киімдері - қатты материалдан жасалып, матамен жиектелген, алтын не күміспен әшекейленген қалпақтар. Шаш сәні тек безендіру ретінде ғана емес, сонымен қатар әйелдің жасы мен әлеуметтік мәртебесін анықтауға көмектесті. Қыздар шаштарын екі өріп, бастарына жеңіл жібек орамал тақты. Неке жасындағы кәмелетке толған қыздар төбесі үшкір немесе дөңгеленген бас киімдер киді. Әйел бала туғаннан кейін ғана бас киімін шешіп, оның орнына шашын толығымен жауып тұрған бос орамалмен ауыстырған.

Дәстүрлі тағамдары Абаза тағамдары дәстүрлі егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін пайдалануға негізделген. Бұрын нан абазиндер арасында кең таралмаған, оны өндіру технологиясы басқа халықтардан салыстырмалы түрде жақында алынған. Қазіргі уақытта нанды пайдаланады, бірақ көбінесе мерекелік және күнделікті тағамдарда нанмен бірге немесе оның орнына өте қою жүгері ботқасы - баста беріледі. Баста кез келген тағаммен бірге беріледі және абаза халқының ең көп таралған тағамы болып табылады. Сүт өнімдері өте танымал - қаймақ, шикі қышқыл сүт. Қышқыл сүт пен қаймаққа ұн, май, пияз, сарымсақ, қызыл бұрыш қосып әртүрлі соустар дайындалады. Ең жиі қолданылатын ет өнімдері қой еті, әртүрлі құс және сиыр еті болса, шошқа және жылқы еті жеуге болмайды. Ет көбінесе ысталған немесе кептірілген, ал жаңа піскен еттен әдетте Абаза стилінде шырынды кебаб дайындайды.

Фольклоры