Қарашоқы – Көкжота тауының солтүстік-батысындағы тау массиві.
Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы Қоңыр ауылының оңтүстік-шығысында 16 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2024 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 6,5 км-ге созылған. Енді жері 5 км шамасында.
Жер бедері Беткейлері тіктеу, жонды-қырқалы келген. Таудан Тентек өзенінің салалары бастау алады. Солтүстігінде Сарымсақты, шығысында Жұмақ, оңтүстігінде Жамантас, батысында Көктөбе таулары орналасқан.
Өсімдігі Тау беткейінің қызғылт қоңыр топырағында қау, қараған аралас арша, көк терек, қайың, т.б. өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Алакөл ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы