thumb|right| Қазақтың боғауыз (боқауыз, балағат) сөздері деп қазақ тіліндегі әдепсіз, обсценді ( — әдепсіз, ұятсыз) лексикаға жататын сөз тобын атайды.
Зерттеу Қазақ тіліндегі әдепсіз сөздерді жинақтаумен сонау XIX ғасырда башқұрттың танымал зерттеушісі Әбубәкір Диваев айналысқаны туралы Ақселеу Сейдімбек өзінің «Бейпіл сөздер» кітабында жазғанАқселеу Сейдімбек, 2000, 9-10 б.. Бұны Халел Досмұхамедовтың мына сөздері де растайды:
Қазақ халық әдебиетінің түрлерін санамалай келіп, боғауыз өлеңдерді айтпай кетуге болмайды. Қазақтың боқауыз мақалдарының кейбірін Ә. Диваев жинап, тұңғыш рет 1900 жылы Ташкент қаласында қолжазба күйінде жариялап таратты.
Әбубәкір Диваевтың, қазақтың әдепсіз сөздерімен айналысқан Бейсембай Кенжебаевтың қолжазбаларының сақталған-сақталмағандығы белгісіз. Қазақтың эротикалық фольклоры жеке жинақ ретінде басып шығарылмағанмен, оған өз еңбектерінде Әлкей Марғұлан, Мырзабек Дүйсенов секілді ғалымдар, Ғабит Мүсірепов, Сапарғали Бегалин, Қуандық Шаңғытпаев, Шерхан Мұртаза, Асқар Оразақын секілді жазушылар назар аударған.
Қазіргі замандағы қолданысы Қазақстандық жазушы әрі аудармашы Герольд Бельгердің айтуынша қазіргі қазақтар негізінен орысша боғауызды қолданады екен. Оның пайымдауынша, қазақтар өз ана тілінде тек қазақша боқтаса бастағаннан кейін ғана сөйлей бастайды екен, ал қазақтың боғауыздары орыстыкіне қарағанда әсерлі және бай болып келеді. «Қазір кез келген қазақ жастары бір-бірімен сөйлескенде өздерінің сөз аралық байланысын орыстың боқтық сөзін қосу арқылы жеткізеді. Орыстың өте жағымсыз, бейпіл сөздерін жиі қолданады», — депті жазушы Ақселеу Сейдімбек. Этимологиясы Тасақ сөзі көне түркі тіліндегі ер адамның жыныстық мүшесі мен мүшеқабының tašaq (تَشَق) деген атауынан пайда болғанДревнетюркский словарь, 1969, 540 б.Диван лугат ат-турк, 2005, 360 б.. Ам сөзі оғыздар мен қыпшақтардың диалектісіндегі әйел адамның жыныстық мүшесінің ˘ам (آم/EM) деген атауынан пайда болғанДревнетюркский словарь, 1969, 172 б.Диван лугат ат-турк, 2005, 325 б.. Көт сөзі көне түркі тіліндегі köt (كُت) сөзінен пайда болғанДревнетюркский словарь, 1969, 319 б.Диван лугат ат-турк, 2005, 315 б.. Көне түркі тілінде осыған ұқсас ked (соңы, артқы жағы) және ket (соңы, арты) сөздері бар. Сігу етістігі көне түркінің sik- (سِك) деген «жыныстық қатынасқа түсу» мағынасындағы түбірінен пайда болғанДревнетюркский словарь, 1969, 499б.. Ер адамның жыныстық мүшесі де көне түркілерде sik деп аталғанмен, қазіргі қазақ тілінде қыпшақтың қотақ сөзімен аталады. Жәлеп сөзі арабтың «жәләб» ( — құлдар; сырттан тасылған тауар) сөзінен пайда болған.
Басқа түркі тілдерінде Басқа түркі тілдес халықтарда кейбір қазақтың боғауыз сөздеріне ұқсас немесе бірдей сөздер бар. түрікм. қотақ коток qotaq qo'taq кутак ҡутаҡqutaq sikам ам am am am am amcıqсігу сигүү sig- sikuv сег- сег-sikmek sikmek sikməkқотақбас коток баш qo'taq bosh кутакбаш sikbaşкөт(ен) көт ko't(en) ko't(an) götgöt götжәлеп жалап jalab jelep тасақташак tashaq taşaq daşşaq
Боғауыз қолданған үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің № 434-ші «Ұсақ бұзақылық» бабына сәйкес, бірқатар құқықбұзушылық, оның ішінде «қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу» 10 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК = 1982 теңге) мөлшеріндегі айыппұлмен немесе 10 тәлікке дейін әкімшілік қамауға алумен жазаланады. Осы бап бойынша құқық бұзушылық жасаған тұлға жазаланғаннан кейін бір жыл ішінде іс-әрекеттерін тағы да қайталаса, 15 тәулікке шейін әкімшілік қамауға алынады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің № 131 «Қорлау» бабына сәйкес «басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту» 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлмен, не сол мөлшердегі (яғни 100 сағат) түзеу жұмыстарына қатысумен немесе 120 сағат мөлшеріндегі қоғамдық жұмысқа тартылумен жазаланады. Осы бұзақылықты «көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып» жасаған адам 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, не сол мөлшердегі (яғни 200 сағат) түзеу жұмыстарына қатысумен немесе 180 сағат мөлшеріндегі қоғамдық жұмысқа тартылумен жазаланады.
Дереккөздер
Санат:Қазақ тілі Санат:Нормативті емес лексика