Кейли Кристина Куоко-Свитинг (; 1985 жылы 30 қазанда Калифорния штаты, Камарилло қаласында туылды) — америкалық актриса. 2014 жылдың қазаң айында Голливуд даңқы саябағында қаласындағы 2532 нөмерлі жұлдызын алды.

Өмірбаяны Бірінші рет Кейли Куоко телекамера алдында 8 айында болды. Ол балаларға арналған ойыншықтар жарнамасында түсті. Үш жасынан бастап ол тенниспен айналысып, танымал спортсмен болғысы келді. Алайда, достарымен бірге актерлік шеберлік сабақтарына барды. Алты жасында оны қайтадан теледидарға түсуге шақырды. Бұл жолы Кейли Барби ойыншықтарындағы жарнамада түсті, одан кеиін ол «Энни» жəне «Шатырдағы скрипкашы» пьесаларында ойнады. 2002 жылы оған «8 Simple Rules» комедиялық телехикаяға түсуге ұсынды. 2005 жылы ол «Charmed» атты телехикаясында Билли рөлін алды.

2007 жылдан бастап Кейли Куоко Үлкен Жарылыс Теориясы» атты телехикаясында басты рөлге иеленді.

Дереккөздер