Хейден Лесли Панеттьер (; 21 тамыз 1989 – 16 тамыз 2026) — америкалық актриса және әнші.
Өмірбаяны Хайден Панеттьер 1989 жылы, тамыз айының 21 күні Нью-Йорк штатының Палисейдс қаласында дүниеге келген. Әкесі, Алан Панеттьер - өрт сөндіруші, ал анасы, Лесли Воджел - актриса. Хайленның Джэнсен атты кішкентай бауыры бар. Ол да актер.
Сегіз айында Хайденның фотосуреттері жарнама ретінде қолданылады. Ал он бір айында Хайден балаларға арналған ойыншық темір жолдарды теледидардан жарнамалай бастайды.
Төрт жасында Хайден алғаш рет «One Life to Live» хикасына түседі, ал алты жасында жаңа «Guiding Light» атты телесериалда ойнайды.
Сегізінші сыныптан кейін Хайден бес айға Африкаға «Racing Stripes» киносын түсіруге аттанады.
Ал он төрт жасында Кейт Хадсонмен бірге «Raising Helen» киносында Одридың рөлін сомдайды.
Содан Хайденның қатысуымен көптеген сериалдар мен кинолар жарық көреді. Мысалы: «Нэшвилл», «Heroes», «Bring It On: All or Nothing», «Fireflies in the Garden».
Жеке өмірі 2009-шы жылдан бері боксер Владимир Кличкомен бірге. Жұптың Кайя Евдокия Кличко атты қызы бар Хайден Панеттьер Хайден Панеттьер.
Дереккөздер