Гастон Камиль Шарль Масперо (; 23 маусым 1846 — 30 маусым 1916) — Мысырды зерттеуші француз ғалымы. Француз тас жазулар академиясының мүшесі. 1881 ж. Каирде Шығыс археологиясы француз институтының негізін қалады. Археология қазба жұмыстары кезінде перғауынддардың қазынасын, пирамида текстерін тапты. Маспероның қатысуымен Карнак, Луксор ғибадатханалары қалпына келтіріле басталды. Каир музейінің Бас каталогын шығаруға басшылық етті. Масперо еңбектері Египет зерттеу ғылымының барлық салаларын қамтиды. Масперо "Класикалық Шығыс халықтарының ежелгі тарихы" атты еңбегін бастырып шығарды.

Дереккөздер

Санат:Тарихшылар Санат:Франция тарихшылары Санат:Франция археологтары