Анри Масперо (, Париж - , Бухенвальд) — француздың қытай зерттеушісі, Үндіқытай халықтарының тілі мен тарихы жөніндегі маман. Г. Маспероның баласы. 1920 жылдан Париждегі де Франс Коллежінің қытай тілі мен әдебиетінің профессоры. 1935 жылдан Француз жазулар академиясының перзиденті. Қытай мен Үндіқытайға арналған көптеген еңбектер жазды. Солардың бірі - "Ежелгі Қытай" атты кітап. Масперо фашистік лагерьде қаза болды.
Дереккөздер
Санат:1883 жылы туғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар Санат:Франция шығыстанушылары