Сергей Иванович Ковалев (1886 жыл 25 қыркүйек – 1960 жыл 2 қараша, Ленинград) — көне заман тарихын зерттеуші кеңес ғалымы, тарих ғылымдарының докторы (1938).

Еңбек жолы 1924-1956 жылдары Ленинград университетінің профессоры. 1934 жылдан өзі құрған Ежелгі Грекия мен Рим тарихы кафедрасын басқарды. 1956-1960 жылдары Дін және атеизм тарихы музейінің директоры. 1955 жылдан Кеңес тарихшылары ұлттық комитетінің мүшесі. Ковалев өзінің негізгі ғылыми еңбектерінде ежелгі дүниенің әлеуметтік-экономикалық сипаты, марксизм-ленинизм классиктерінің құл иелену қоғамы туралы ілімі, тап күресі мен құлдар көтерілісі мәселелерін зерттеді. Ол алғашқы марксистік оқулықтар – «Көне қоғам тарихының» 1,2-бөлімдерінің, «Рим тарихы» толық курсының, көне дүние тарихына арналған мектеп оқулықтарының авторы.

Шығармалары Курс всеобщей истории, т. 1-2, Ленинград, 1923-25; Очерки истории древнего Рима, М., 1956.Қазақстан тарихы: Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. – 544 бет. ISBN 9965-893-30-1

Дереккөздер

Санат:КСРО тарихшылары