Арыстанқұйрық () – ерінгүлділер тұқымдасының сасықшөп тегіне жататын көпжылдық шөптес өсімдігі.
Сипаттамасы thumb|left|200px| Арыстанқұйрық - үстіңгі бетін сұрғылт түк басқан көпжылдық өсімдік. Ағаштанып біткен тамырынан қызғылт түсті, бұтақты сабақтары өсіп шығады да, олардың биіктігі 50 см-ден 10 см-ге дейін барады. Сыртынан қарағанда сабақтары төрт ұырлы болып көрінеді де қырлары өткір келеді.
Жапырақтары - тегіс көкшіл сұр түсті, жатыңқы түкті. Сабақ жапырақтары сағақты, дөңгелек келіп, сына сияқты 5 жарнаққа бөлінеді.
Гүлдері биік, ашық қызыл түсті; бастары күлтеленіп тұрады. Күлтесі - қос ерінді.
Таралуы Арыстанқұйрық - далада, бұталар арасында, ойпатты жерлерде, Қазақстанның көптеген аудандарында кездесетін, емге пайдаланылатын өсімдік. Сондай-ақ мұның түркістан арыстанқұйрығы деп аталатын екінші түрі жалаң жасыл жапырақтарымен көзге түседі. Олар таулы аудандарда өседі.
Пайдалануы Арыстанқұйрық препаратының көңіл сергітерліктей өте жақсы қасиеті бар, оны науқастар жеңіл көтереді. Тыныштандырғыш әсері дәрілік валериянадан анағұрлым күшті. Халық медицинасында арыстанқұйрық препаратын "жүрек қатты соққанға", алқынып ауырғанға, қарын ауырғанға және өкпе қатарына қабылдау ұсынылады.
Ғылыми медицинада арыстанқұйрықты тыныштандырғыш дәрі ретінде жүрек қатты соққанға, ентіккенге, истерияға, жүрек неврозына, гипертонияға, жүрек талмасына және басқа да бірқатар ауруларға қарсы ем үшін ұсынады.
Арыстанқұйрықтың тонус көтерліктейде қасиеті бар. Үй жағдайында арыстанқұйрықтан халықтық медицинаның рецептімісен үш түрлі дәрі жасауға болады. Бұл ретте оның шөбі мен тамыры пайдаланылады. Шөбінен тұнба жасайды. Сүзілген тұнбаны белгілі доза бойынша жүрек қатты соққанда, ентіккінде, шемен ауруында ішеді. Арыстанқұйрықтың препаратын тек шеменді емдеуге ғана қолданғанда тұнбаға бірдейлік мөлшерде торғай тарысының шөбінен қосып пайдалануға болады.Дәрілік өсімдіктер. Алматы, "Қазақстан", 1975, 172 бет.
Синонимдары The Plant List-тің 2013 жылғы мәліметі бойынша, Арыстанқұйрықтың келесі синонимдары бар:
, nom. inval.
, nom. inval.
, nom. illeg.
, nom. illeg.
, nom. illeg.
Дереккөздер
Санат:Еріндігүлділер Санат:Дәрілік өсімдіктер