Медведица - РФ-ның Саратов және Волгоград облыстары арқылы ағып өтетін өзен, Донның сол саласы. Ұзындығы 745 км, алабы 34,7 мың км². Волга маңы қыратынан басталады. Негізінен қар суымен қоректенеді. Орта су шығыны (сағасынан 66 км-де), 69 м³/сек, ең көбі 2070 м³/сек. Қарашада қатып, сәуірдің басында мұзы түседі. Салалары: Баланда, Терса (оң), Идолга, Карамыш, Арчеда (сол). М. жағалауында Петровск, Аткарск, Жирновск, Михайловка қалалары бар.
Дереккөздер
Санат:Дон су алабы өңірі өзендері Санат:Ресей өзендері