Қарғалы – Қызылтас тауларының оңтүстік-батысындағы шоқы.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Қарғалы ауылының оңтүстігінде 2 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1124 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 3,5 км шамасында.

Сипаты Беткейі тіктеу келген. Солтүстігінде Қаратоғанбай, шығысында Сұлушоқы таулары, батысында Боқайшілік, оңтүстігінде Нұрабек қыстаулары орналасқан. Баурайындағы бұлақтардан Қарасай, Мұқыр өзендерінің салалары бастау алады.

Өсімдігі Аласа таудың қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас жусан, боз, селеу, сұлыбас өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары Санат:Қазақстан шоқылары