Қарғалы – Қалба жотасының оңтүстік-батысындағы тау.

Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Жарық ауылының солтүстік-шығысында 18 км жерде, Көкпекті өзенінің аңғарында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1061 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 8 км-ге созылған, енді жері 5 км шамасында.

Сипаты Беткейлері көлбеуленіп, өзен аңғарларымен тілімделген. Солтүстігінде Котел, шығысында Қаражал, оңтүстік-батысында Әулиешоқы таулары олрналасқан.

Геологиялық құрылымы Тас көмір кезеңінің төменгі бөлімінің жыныстарынан түзілген.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Өсімдігі Аласа таудың қоңыр топырақ жамылғысында далаға тән өсімдіктер өседі.

Дереккөздер

Санат:Жарма ауданы таулары