Мақпал үңгірі – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы үңгір.

Сипаты Әктасты қабатта пайда болған. Өгем өзенінің жоғарғы ағысындағы Мақпал шатқалының орта тұсында. Үңгір аузы арка тәрізді, биіктігі 3 м, ені 4 м, ұзындығы 25 м. Қабырғалары үнемі дымқылданып тұрады. Табаны сазды. Төбесіне мүк өседі. Мақпал үңгірі толық зерттелмеген. Туристік маңызы бар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Дереккөздер

Санат:Түркістан облысы географиясы Санат:Қазақстан үңгірлері