Оңалбек ата кесенесі – Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішітері тізіміне енген ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Шалқар ауданы, Талдықұм ауы­лы­нан оң­тү­стік-ба­тыс­қа қа­рай 15 км жерде, Балғасын қорымында орналасқан.

Сипаты Кесене шекті руынан шыққан әулие Оңалбек атаның құрметіне тұрғызылған. Сыртқы және ішкі жағынан қарағанда күмбезді-діңгекті құрылыс жобасы (9,5х10 м және 5,5х6 м) шаршыланып келеді; жалпы биіктігі 8,8 м. Кесене қабырғасы қалың, үш өлшемді кірпішпен (6х15х32 см, 6х22х32 см және 6х27х27 см) қаланған. Оңалбек ата кесенесі шамамен XVII-XVIII ғасырларда қабырғалары сапалы күйдірілген кірпішпен өрілген далалық сәулет өнерінің таңдаулы үлгілерінің бірінен саналады.Қазақ энциклопедиясы, 7 том

Дереккөздер

Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Ақтөбе облысы сәулеті Санат:Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері