Токелау ( ) — Жаңа Зеландияның қарамағындағы тәуелді аймақ. Құрамына Тынық мұхитында Жаңа Зеландия мен Гавай аралдардың арасында орналасқан 3 арал кіреді. Бұл тәуелді аймақ Жаңа Зеландия корольдігінің құрамында болып есептеледі.
Токелау аралдары 3 атолдардан құралады: Атафу, Нукунону, Факаофо. Әр қайсысында өзіне аттас әкімшілік орталығы бар.
халық саны - 1411 адам http://www.stats.govt.nz/browse_for_stats/people_and_communities/pacific_peoples/2011-tokelau-census-landing-page/final-count-2011-tokelau-census.aspx Перепись населения (2011)] ( 2011 жылғы мәлімет). Этникалық құрамы: полинезиялықтар, аз ағылшын-полинезиялық метистер. Тілдері: токелау (полинезия), Ағылшын тілі. Діні: христиандық, оның ішінде католиктер (28 %).
Аралдар су бетіне 3-4 м-ге ғана көтерілген ірі су астындағы рифтардан құралған. Құнарсыз ақтасты таужынытардың үстінде кокос пальмалары мен бұталы өсімдіктер ғана өседі.
Климаты ылғалды, жылы бойы ыстық, желтоқсан-наурыз аралығында дауыл-құйындар мүмкін.
Жергілікті тұрғындар балық аулаумен және егіншілікпен (кокос, астық талдары, папайя, банандар) айналысады. Көбіне шетелдерге жұмысқа тұрған туысқандары көмектесіп күн көреді. Жаңа Зеландия қаржылай елеулі көмек көрсетеді.
Дереккөздер
Санат:Токелау Санат:Тынық мұхит аралдары Санат:Ағылшын тілді елдер мен аумақтар