Miles M.4 Merlin — 1930-жылдары британдық Miles Aircraft Limited компаниясы жасап шығарған бес орынды кабиналы моноплан ұшақ.

Тарихы Жобалануы Merlin ұшағы Philips and Powis компаниясының конструкторы Ф.Дж. Майлз пен Г. Биркетттің Birkett Air Service Ltd және үндістандық Tata Sons Ltd компанияларымен қызметтестігінің нәтижесінде пайда болды. Ол M.3 Falcon ұшағының үш- және төрт-орынды нұсқаларының негізінде жасалды, бірақ оның фюзеляжы кең және қанат жаймасы ұзын болды. Merlin төмен қанатты моноплан ұшақ болды. Ұшақтың алдыңғы шасси тіректері қанаттың ішіне бекітілген және құйрық бөлігіне дөңгелек қойылған. Ұшақ конструкциясы негізінен ағаштан тұрды, ұшақтың қаңқасы мен сыртқы үш қабатты жабындысы қайыңнан жасалған. Ол 300 а.к. бар de Havilland Gipsy Six қозғалтқышымен жабдықталған. Алғашқыда M.4 Merlin аталған ұшақ өндіріс кезеңінде M.4A Merlin нұсқасына дейін жақсартылды: жаңа нұсқаның пропеллер тангажы өзгертілмейтін етіп істелінді.Brown 1970, pp. 87-88Jackson 1988, pp. 57-58Flight, 4 сәуір 1935, стр. 351-353

Қолданысқа енгізілуі Ұшақ прототипі (V-8, кейінрек G-ADFE) 1935 жылы 22 мамырда Ф.Дж. Майлздың басқаруымен алғаш ұшты. Бірнеше аптадан кейін ұшақ Baekett Air Service әуе компаниясына берілді. Хестон аэродромында орналастырылған Бұл ұшақ әуетакси және чартерлік іскерлік рейстерде қолданылды. Кейінгі екі ұшақ Tata Sons Ltd-ға тиесілі Tata Air Lunes әуе компаниясына тапсырылды, ұшақтар Карачи—Мадрас бағытында қолданылды. Соңғы төртінші Меглин аустралиялық Victorian and Interstate Airways әуе компаниясын берілді, ол Мельбурн—Хай бағытында қолданылды. 1940 жылы бұл ұшақ Аустралия Корольдік Әуе күштеріне берілді.

Қолданушылары нобай|оңға|Алғашқы Miles Merlin (V-8, кейінрек G-ADFE)

Victoria and Interstate Airways Аустралия Корольдік Әуе күштері

Tata Air Lines

Birkett Air Service

Техникалық сипаттамасы Дереккөз: Lukins & RussellLukins & Russell 1945, p. 32 Сипаттамалар M.4A Экипаж 1 ұшқышҰзындығы 7,87 м Қанат жаймасы 11,27 мҚанат ауданы 18,21 м²Биіктігі 2,92 мБос ұшақ салмағы 770 кгМаксималді ұшу салмағы 1360 кгМаксимал көтерілу биіктігі 5490 м Ұшу қашықтығы 1130 кмҚалыпты жылдамдық 245 км/сағМаксималді жылдамдық 250 км/сағБиіктік жинау жылдамдығы 4,6 м/сҚозғалтқыштар (x1) de Havilland Gipsy SixҚозғалтқыштың қуаты 200 ат күші (150 кВ)

Дереккөздер

Санат:Жолаушы ұшақтары Санат:Miles ұшақтары