Бизнес-періште немесе періште-инвестор (, , ) — стартап, ерте кезеңдегі инновациялық жобаларға қайтарым табу мақсатында (мыс. акцияларға иелік ету арқылы) капитал салатын тұлға. «Періштелер» әдетте үшінші тұлғалардың қаржысын венчурлік қорлар арқылы басқаратын венчурлік капиталисттерге қарағанда, өздерінің ақшаларын салады.
Этимологиясы «Періште» ұғымы Бродвейде театралдық көріністерге қаржылай қолдау көрсеткен ауқатты тұлғаларды атауға қолданылған. 1978 жылы, Вильям Ветцел өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында АҚШ-та қор жинаумен айналысқан кәсіпкерлерді қолдаған инвесторларды «періште» деп атағаннан кейін бұл ұғым қолданысқа енді.
Дереккөздер
Санат:Бизнес