Липецк облысы () – Ресей құрамындағы субъект, облыс.ЛИПЕЦКАЯ ОБЛАСТЬ • Большая российская энциклопедия Әкімшілік орталығы — Липецк қаласы. 2010 жылғы санақ бойынша халық саны 1,173,513 адамға тең.
Тарихы Облыстың қазіргі түрі 1954 жылы 6 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы шешімімен құрылған. Оның жері Воронеж, Рязань, Тамбов, Тула, Орёл облыстарының бұрыңғы жерінен алынған еді.
Экономикалық, мәдени-ағарту жетістіктері үшін Липецк облысы 1967 жылы 4 шілдеде Ленин орденімен марапатталған.
Географиясы Липецк облысы солтүстік-шығысында Рязань облысымен, шығысында Тамбов облысымен, оңтүстігінде Воронеж облысымен, оңтүстік-батысында Курск облысымен, батысында Орёл облысымен және солтүстік-шығысында Тула облысымен шектеседі.
Липецк облысы Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Дон өзенінің жоғарғы ағысын алып жатыр. Жері қыратты, төбелі жазық келеді. Климаты қоңыржай континенттік.
Басты өзені – Дон. Негізінен сұр орман топырағы аралас қара топырақ тараған. Территориясының 8,3%-ке жуығы орман. Қасқыр, түлкі, тиін, қоян, саршұнақ, аламан, суыр; құстардан қаз, тырна, жапалақ және т.б. кездеседі.
Қаңтардың орташа температурасы –10, -11 градус, шілдеде 19–20 градус. Жылдық жауын-шашын мөлшері 450-500 мм.
Әкімшілік бөлінісі Әкімшілік жағынан 18 ауданға бөлінеді. 8 қаласы, 4 қала типтес посёлкесі бар. Облыстың әкімшілік орталығы — Липецк қаласы.
Саясаты thumb|left|Липецк Облыстық әкімшілігінің ғимараты Кеңес үкіметі кезінде облыстың жоғары билігі үш адамға бөлінді: Липецк КОКП комитетінің бірінші хатшысы (шын мәнінде ол ең үлкен билікке ие болды), облыстық Кеңестің (заң шығарушы билік) төрағасы және облыстық атқару басқармасы комитетінің төрағасы (атқарушы билік). 1991 жылдан бастап облыс билігінде Губернатор (2018 жылдан бастап басшы аталатын) және облыстың жергілікті парламенті.
2019 жылдан бастап облыстың губернаторы — «Біртұтас Ресей» партиясының мүшесі Игорь Георгиевич Артамонов.Артамонов Игорь Георгиевич — глава региона Липецкая область Артамонов Игорь Георгиевич — Липецк облысы регионының басшысы. governors.ru.
Халқы Ұлттық құрамы 2010 санақ бойынша халқын негізінен орыстар (96,3%) құрайды, басқа ұлт өкілдері ішінен украиндар (0,9%), армяндар (0,6%) және әзербайжандар (0,3%) бар.Всероссийская перепись населения 2010 года. 2010 жылғы Бүкілресей халық санағы.
Діни құрамы Облыс халқының көпшілігі христиандар (74.3%; соның 71.3%-ы өзін Орыс православ шіркеуіне байланыстырса, қалған 3%-ы өзін олай сипаттамайды). Басқа дін өкілдері ішінен 1%-ы мұсылмандар және 1%-ы Славян нео-паганисттері. Оған қоса 15%-ы өзін «рухани, бірақ дінсіз» деп, 6%-ы атеист деп сипаттады және қалған 2,7% басқа дінге сенеді немесе жауап бере алмады."Arena: Atlas of Religions and Nationalities of Russia" Арена: Ресей діндері мен ұлттары атласы
Қалалары Қала халқы 591 мың. Ірі қалалары: Липецк (508,887), Елец (108,404), Данков (21,064), Грязи (46,807).
Дереккөздер Российская Федерация. Центральная Россия. Центральный район. Волго-Вятский район. Черноземный центр,М,.1970,с. 765-81 (серия «Советский Союз») Народное хозяйство Липецкой области за годы Советской власти. Статистич. сб., Воронеж, 1967.
Санат:Липецк облысы Санат:Ресей облыстары