Жартас таулардығы дақты қызба-жүрек-тамыр және жүйке жүйесінің зақымдалуымен, тері бөртпесімен, қызбалы реакциямен мінезделетін риккетсиозды этиологиялы жедел эндемиялық ауру. Этиологиясы. R rickettsii полиморфизмділігімен ерекшеленеді, ұсақ таяқшалы хроматинді қосылысы бар, ланцет тәрізді т.б. Орташа риккетсиялар ұзындығы 1 мкм; ені 0,2-0,3 мкм. R. Rickettsii ерекшелігі, оның тек протоплазмада ғана емес ядрода ұсақ ошақтар түзеді. Адамдарда риккетсия тамырлардың эндотелиімен бұлшық еттің қабатын зақымдайды. Эпидемиологиясы. Жартас таулардғы дақты қызба-табиғи ошақты трансмиссивті зооноз. Инфекция резервуары жабайы кемірушілер және кейбір ірі қара малдар. Жылы қанды жануарлар мезгілдік тасымалдаушысы болып табылады. Ең тұрақты резервуары және арнайы тасымалдаушысы болып иксодты кенелер болып табылады. Жұғу жолы болып инфекцирленген кенелердің шағуы табылады. Ауыл адамдары арасында, орманшыларда, аңшыларда, геологтарда кең таралған. Жартас таулардағы дақты қызба АҚШ, Канада, Мексика, Панама, Колумбия және Бразилияда кездеседі. Патогенезі мен патологоанатомиялық көрінісі. Аурудың патогенезінде тамырлардың зақымдалуы, ісінуі, эндотелидің пролиферациясы, эндотелиальді жасушалардың некрозы және артериалардың қабырғасының некрозы. Макрофагтармен плазматикалық және лимфоидты жасушалардан тұратын түйін немесе мифта тәрізді тамыр маңайындағы инфильтраттар периваскулярлы пролиферация түзеді. Деструктивті және деструктивті-пролиферативті тромбоваскулиттер де тән. Ауыр жағдайларда жергілікті некрозды сипатта обтурациялы некротикалық панартернит дамиды. Артериолдардың зақымдануы мидағы микроинфаркт себебі болып табылады. Аурудың тамыр зақымдалуының ауырлығы, риккетсиялардың инвазиялануына байланысты. Патоморфологиялық өзгерістері. Тамырлар жолы бойында макуло-папулезді немесе геморрагиялық бөртпелер дамиды. Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезеңі 3-14 күн. Продромальді көріністер: бас ауруы, қалтырау, тәбетінің төмендеуі, аурудың басында болады. Кей жағдайларда ауру дене қызуының күрт жоғарлауы, қатты бас ауруы, бұлшық ет, буын ауруымен, лоқсу, құсу, мұрыннан қан кетумен басталады. Қызбаның кезеңінің ұзақтығы 2-3 апта. Дене температурасы 39-40С көтеріледі, таңертеңгілік ремиссияға тән-дене температурасының 0,5-1,5С төмендеуі. Аурудың 3-4 күнінде дақты бөртпе, кейін типті макуло-папулезді бөртпе шынтақта, білекте, тобық буындарында көрінеді. Ауыр жағдайларда бөртпе алақан терілерінде, табанда, қабақта, бастың шашты бөлігінде, ауыздың, жұтқыншақтың шырышты қабатында пайда болады. Сирек бөртпе іш пен бетте кездеседі. Біртіндеп экзантема петехиальді сипат алады, ауыр жағдайда олар бірігіп, некротикалық аймақ, әсіресе жыныс мүшелері аумағында, құлақта, саусақтар ұшында, жұмсақ таңдайда құрады. Бөртпе үстінде қабыршақтанумен дақ қалады. Жүйке жүйесінің зақымдалуы бас ауруымен, ұйқысыздықпен көрінеді. Ауыр жағдайларда сандырақ, психикалық бұзылыстар, ұстамалар, параплексия, бас нервісінің параличі, гемиплегия, кейде кома өлімге дейін әкеледі. Қан айналысының бұзылысы артериальды гипотензиямен, брадикардиямен, ауыр жағдайларда тахикардия пульс жиілігі 160 рет минутына дейін жиілейді. Бауыр үлкейген, сарғаю дамиды, көкбауыр айтарлықтай үлкейген, қатайған. Протеинурия байқалады. Аурудың серігі іш қату. Қан көрінісінің өзгерістері тән емес. Диагностикасы. Арнайы антигенмен комплемент байланыстыру реакциясы жүргізіледі. Ол 2-ші аптадан бастап, жазылғаннан соң 7 жылға дейін оң болады. R rickettsii антигенімен тура емес иммунофлюоресцентті реакция жүргізеді. Тура диагностикалауға еркек теңіз шошқаларын науқастың қанымен зақымдап, қоздырғышын анықтау жатады. Оң жағдайда теңіз шошқаларының мошонкаларының некрозы дамиды. Дифференциальді диагностиканы эпидемиологиялық бөртпелі сүзек, битті бөртпелі сүзекпен жүргізу өте қиын. Емдеуі. Антибиотиктер: тетрациклин ішке 1-1,5г тәулігіне, левомицетин 2,0г тәулігіне, емді дене температурасы қалыптасқанға дейін және 2-3 күн тағы жалғастырады. Әдетте температура 48-72 сағатта түседі. Алдын алу. Жеке профилактика шараларын сақтау. Қорғаныс киімдерін кию. Эпидемиологиялық көрсеткіші бойынша тұрғындарды өлі вакцинамен активті иммунизациялау жүргізеді. Ұзақтығы 1 жыл. Дереккөздер http://www.eurolab.ua/diseases/358/ http://www.infectology.ru/nosology/infectious/rikketsiosis/pyat_lich_sc_gor.aspx/ http://www.cdc.gov/rmsf/ http://www.niaid.nih.gov/about/organization/dir/rml/Pages/default.aspx http://archinte.jamanetwork.com/article.aspx?articleid=215364