Марсельдік қызба-кене шаққан жерінде жаралы біріншілік аффектпен-макуло-папулезді бөртпе мен қызбалық жағдаймен сипатталатын қатерсіз жедел зоонозды риккетсиоз. Этиологиясы Марсельдік қызбаның қоздырғышы-Rickettsia conori ұзарған, таяқша тәрізді, жіп тәрізді жасушалардың ядросында көбейеді. Марсельдік қызба қоздырғышы қанмен бүкіл қызба кезінде де айналып жүреді. Ол біріншілік жаралы аффектіде және тері розеоласында анықталады. Этиологиясы. Қоздырғыштың негізгі резервуары және тасымалдаушысы болып Оңтүстік иттің кенесі табылады. Адамдарға кененің шағуы арқылы қанға түседі, коньюктива арқылы жұғуы мүмкін. Эндемиялық ошағы ылғалды субтропикалық аймақтар, Жерорта теңізі, Қара және Каспий теңіздері, Индия және Африканың кей жерлерінде белгілі. Патогенезі мен патологоанатомиясы. Кененің шаққан жерінде, кіру қақпасында біріншілік аффект, қабыну инфильтрат түрінде, кейін некрозданып, жараланады. Біріншілік аффектің қалыптасуы 8-10 күндей, аурудың біріншілік клиникалық көрінісіне дейін. Риккетсиялар инфицирленген кене сілекейімен лимфа тамырларына және бездеріне өтіп, кейін қанға өтіп тамырлардың эндопериваскулиті немесе арнайы тамырлы гранулематоз дамиды. Риккетсия токсині қанға түсіп, интоксикация дамиды. Макуло-папулезді бөртпе аурудың бірінші күнінен бастап даму себебі тамыр эндотелиінің ісінуімен полиморфты-ядролы лейкоциттер, моноциттер, лимфоциттердің периваскулярлы пролиферациясы болып табылады. Ауырған адамдарда тұрақты, өмірлік иммунитет қалада. Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы 5-7 күн, сирек 14-18 күн. Ауру жедел басталады: қалтырау, кенет бас ауруы, бұлшық ет және буын ауруы. Қызба жағдайында дене қызуы 39-40С 10-14 күндей болады. Ауру ағымында денедегі біріншілік жаралық аффект диаметрі 5 мм сақталады. Жараның беті қара некрозды қабықпен жабылған және қою қызыл шекаралы инфильтратпен қоршалған. Жара ауырмайды, регионарлы лимфаденитпен жүреді. Біріншілік аффект өзінен соң 2-3 жылға дейін сақталатын дақ қалтырады. Коньюктива арқылы енгенде бірінішілік аффект коньюктивит немесе кератоконьюктивитпен бірге хемоза болады. Аурудың 3-4 күні розеолезді немесе папулезді бөртпе бүкіл денеге жайылады, алақан, табан, бетке де. Алғашында бөртпелер розеолезді немесе папулезді сипатта, кейін макуло-папулезді болады. Папулезді элеметтің ортасында екіншілік петехия кездеседі. Бөртпе баяу жоғалады, 1-2 айдан кейін орнында дақ қалады. Жүйке жүйесінің зақымдалуы, еріннің, тілдің, қолдың треморымен, сандырақпен, менингизм белгілерімен көрінеді. Асқорыту жүйесінің зақымдалу симптомдары: тіл жабындымен жабылған, іш қату, сирек іш өту. Кейде көкбауыр ұлғаяды, сирек бауыр ұлғаяды. Диагностикасы. Марсельдік қызбаны анықтауда клиникалық, эпидемиологиялық, лабортаорлық мәліметтер қажет. Сүйенетін көріністері болып біріншілік аффектке тән макуло-папулезді бөртпе, регионарлы лимфаденит болып табылады. Эпидемиологиялық анамнезінде эндемиялық ошақта болу, итпен қатыста болу, кене шағу жатады. Лабораториялық мәліметтерге комплемент байланыстыру реакциясы және тұтас антигенмен тура емес гемагглютинация реакциясы жатады. Науқастың қанынан риккетсияларды бөлу теңіз шошқаларына материалды іш астарына енгізгенде, периорхит риккетсиялардың ядроішілік орналасуы диагнозды негіздейді. Бөртпе пайда болғаннан кейін марсельді қызбаны түйіншікті бөртпеден ажыратады, эпидемиялық бөртпе сүзектен, эндемиялық риккетсиоздан, іш сүзегінен, паратифтен, сифилистен ажыратады. Емі. Антибактериальды тетрациклинмен 1,2-1,5г тәулігіне немесе левомицетин 2,0г тәулігіне температура төмендегенше және онан кейін 2 тәулік жалғатырады. Профилактика. Иттерді акарацидті препараттармен тазалау, қараусыз иттерді жою. Жеке бас профилактикасы сақталады. Дереккөздер http://www.infectology.ru/nosology/infectious/rikketsiosis/marsel_lich.aspx http://ilive.com.ua/health/marselskaya-likhoradka-prichiny-simptomy-diagnostika-lechenie_7779i160.html http://dic.academic.ru/dic.nsf/enc_medicine/17829/Марсельская
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Марсельдік қызба · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.