Тұздалған балық. Тұздау – балық консервілеудің ең қарапайым әдісі. Тұз көптеген ферменттердің әрекетін тежейді, клеткалық мембрана қызметін бұзады және бактериалды клетканың плазмолизін тудырады. Тұздау кезіңде әр түрлі биохимиялық процесс жүреді, ол жетілу деп аталады және нәзік консистенция түзіледі, ет сүйегінен жеңіл ажыратылады, май ткань бойымен біртекті таралады. Тұздау үшін майшабақтар, анчаус, ставрид, скумбрия т.б. қолданылады. Құрғақ тұздау. Балықты тұзбен ысқылайды да, түз себеді. Ылғалды тұздау. Белгілі бір консистенциялы тұз ерітіндісін қосады. Аралас тұздау. Тұздық және т.б. дәмдеуіштер қосады. Семей мемлекеттік университеті ,«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау», оқу әдістемелік кешені, ПОӘК 042-14-03.01.20.9/032012ж Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Тұздалған балық · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.