Тоңазытылған балық. Температура төмендегеннен кейін микроорганизімдердің дамуы тежеледі немесе тоқтайды және ткань ферменттердің қызметіне негізінделген биохимиялық процесстер ақырын жүреді. Суықпен консервілеу балықтың табиғи қасиеттерін сақтайды. Етінің температурасы -1°-50°С аралығында сақталған балықтар тоңазытылған балықтар деп аталады. Мұндағы температура ферменттер мен микроорганизмдер әрекеті төмендейді. Сондықтан балықтың бұзылуы мерзімі ұзарады. Балықты тоңазытудың алдында бөлшектейді. Қазіргі кезде тоңазытудың бірнеше әдістері бар; мұзбен, теңіз суымен, суытылған тұзбен т.б. Кең таралған әдістің бірі табиғи және жасанды мұзбен тоңазыту болып табылады. Тоңазытылған балықтың сақталуын арттыруын үшін мұздатудың арнайы түрлері; қар мұзды, қабыршақты мұз, биомицин, антисептик т.б. Семей мемлекеттік университеті ,«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау», оқу әдістемелік кешені, ПОӘК 042-14-03.01.20.9/032012ж Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Тоңазытылған балық · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.