thumb| Falco columbarius Тұрымтай () – сұңқартәрізділер отрядына жататын құс.
Еуразия мен Солтүстік Америкада, Орталық Азияда таралған. Қазақстанда дала және орманды дала аймақтарын, республиканың оңтүстік-шығысы мен шығ-ндағы таулардың субальпілік белдеулерін мекендейді. Шәулісінің қанат ұзындығы 180 – 235 мм, салмағы 160 – 215 г, ал ұябасарында тиісінше 200 – 260 мм және 216 – 300 г.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Шәулісінің арқасы көкшіл сұр, мойнының артқы жағында қоңыр қызғылт дақтары бар, бауыры сарғыштау, құйрығының ұшында жалпақ қара жолағы болады. Ұябасарының арқасы қоңыр сұр, бауыры ақшыл түсті, денесінде жолағы бар. Жастары түс жағынан ұябасарына ұқсас, бірақ балсірісі – көкшіл (сары емес). Жағалтайдан айырмашылығы – “мұрты” жоқ, қанаты қырғидікінен ұзын әрі үшкір болады.
Жыл құсы. Наурыз – мамырда ұшып келіп, ағаш басына не жерге ұя салып, онда қызғылт сұр дағы бар 4 – 5 жұмыртқа салады. Жұмыртқасын бір айдай ұябасары басады. Мамыр- айында жартас, яғни ағаш басына 2-5 жұмыртқа салып екі ай ішінде жұмыртқаны басып, қанаттандырады. Тамыз – қарашада жылы жаққа ұшып кетеді. Оңтүстік Азия мен Африкада қыстайды (араларында Қазақстанның оңтүстік аудандарында қыстап қалатындары да бар). Ұсақ құстарды ұшып жүргенде қағып алып, қорек етеді. Кеміргіштер, кесірткелер, жәндіктерді жейді. Құсбегілер тұрымтайды қолға үйретіп, майда құстарға салады. Пайдалы жыртқыш.Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Дереккөздер
Санат:Сұңқарлар Санат:Қауіптен тыс түрлер Санат:Еуразия құстары Санат:Солтүстік Америка құстары Санат:1758 жылы зерттелген жануарлар