Шынытұз, Шынтұз – Қабырға өзені алабындағы ағынсыз көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Жангелді ауданы жерінде, Бабас тауынан шығыста 8 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Ауданы 9,40 км2, су жиналатын алабы 136 км2. Көл арналық қазаншұңқырда, беткейі көлбеу. Жауын-шашын суымен толығады. Көктемде қар ерігенде оңтүстігінен шағын жылға құяды. Суы тұзды. Алабы – жайылым. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Жангелді ауданы көлдері