Қалталы албасты немесе Тасмания сайтаны (; көне атауы: Sarcophilus harrisii (Boitard, 1841)) — жыртқыш қалталылар () отрядының аттас Жыртқыш қалталылар () тұқымдасының биологиялық түрі, Sarcophilus тегінің жалғыш өкілі.

Тасмания сайтаны - қанқұмар жыртқыш, Аустралияда тіршілік ететін етқоректілердің ең ірісі. Ол тек Тасмания аралында таралған. Оның қатерлі дауысы ыңырсыған үнді еске салады, бірте-бірте ол дауыс қырылдаған жөтелге ұласады. Жерде тіршілік етеді, түнде атжалмандарды, ұсақ кенгуруларды, тотықұстарды аулап азық етеді. Кейде, тіпті, қой секілді өзінен үлкен жануарларға да шабуыл жасайды. Бақа мен шаяндарды да жей береді. Ол өте таза жануар. Суға шомылып, күнге қыздырынғанды ұнатады. Ұрғашысының қалтасы таға секілді бірнеше тері қаптарларынан тұрады. Қыркүйектің соңына қарай сол қалтадан қылқиып кішкентай жан иесінің басы, я құйрығы көрініп қалады.Жануарлар әлемінің үлкен атласы, «Алматыкітап» баспасы. 2000 жыл, ISSN 2078-6727

Тасмания сайтаны сағатына он үш шақырым жылдамдықпен жүгіре алады. Жануар күндіз қалың бұталардың арасында немесе інінде отырады. Аң аулауға түнде шығатындықтан, оның қара түсі өте көп көмегін тигізеді. Қорегін аяусыздықпен өлтіріп, оның жүні мен сүйегін де жеп қояды.

Тасмания сайтандары жас кезінде ағашқа өрмелеп шығып кетеді. Бірақ жасы ұлғайған сайын олар үшін ағашқа өрмелеу қиындай түседі. Тасмания сайтандары жергілікті сүтқоректілермен (қойлармен де), құстармен, балықтармен, жәндіктермен, бақалармен және бауырымен жорғалаушылармен қоректенеді.

Тасмания сайтаны - Австралия үшін киелі жануар. Ол - Тасмания ұлттық қорықтарының және табиғат қорғау қоғамдарының рәмізі. Виктория футбол лигасында ойнайтын тасманиялық команданың атауы - «Девилз», яғни «Сайтандар». Қорыққан кездегі жантүршіктірерлік қыңсылаған дауысы, қап-қара терісі мен ашулы мінезіне байланысты Аустралия құрлығына алғаш келген еуропалықтар бүл жануарды «сайтан» деп атап кеткенЖ 24 Жануарлар. – Алматы: “Aруна” баспасы. – 208 бет. – Сер.: “1100 қызықты деректер”.ISBN 978-9965-26-546-4.

Дереккөздер

Санат:Қалталылар Санат:Жыртқыштар Санат:Аустралия фаунасы