Тауыскөзділер немесе сатурниялар () - ірі түн және ымырт көбелектері тұқымдасы.

Биологиялық сипаттамасы Тауыскөзді - атлас әлемдегі ең ірі көбелектер санатына жатады. Оның алдыңғы қанаттарының ұштары 25 см-ге дейін жетеді. Оның ауқымды қалың мамық денесі мен кең барқыт қанаттары әсем үйлесіп, ортасындағы ашық саңылау кейпіндегі қара дақтар сән беріп тұрады. Кейде бұл тауыс қауырсынындағы көзшелерді еске түсіреді.

Басқа да түнгі көбелектер сияқты, тауыскөзділерде де қауырсынды мұрттар жарасым тапқан. Ол иіс сезу мүшесі болғандықтан, сол арқылы көз байлайтын түнде көбелектер серіктерін тауып, жарастық құрады. Тауыскөзділердің аталықтарының біренеше шақырым қашықтықтан аналықтары сепкен феромондардың иісін қапысыз сезетіні қызықты.

Тауыскөзділердің ірі жұлдызқұрттары тікірейген қылтанға көсіледі, осы үшін құстар мен рептилиялар оны маңалай да алмайды.

Тауыскөзділер 7-10 күн бойы қоректенбейді. Олар өзгелерге өмір беру арқылы өліп отырады. Ал Америкаға бауыр басқан тауыскөзді-аутомерис жұлдызқұрттарының қылдарында улы зат жасырынған, сондықтан абайсыз тиіп кетсеңіз, күйіп қалуыңыз мүмкін. Алайда улы қылтандардың арасынан қауіпсіз мекен тауып, жайланып жататын ұсақ алау-көбелектің жатыпішер жұлдызқұрттары өз қожайынына қарай жол салып алады. Қуыршаққа айналмай тұрып,тауыскөзділердің балапанары өздерін берік жібек жіптің пілләсімен мұқият орайды.

Шығыс және Оңтүстік Азияны жайлаған тауыскөзді - селенаның қанаттары да ұзын бұрымшамен бітеді. Грек тілінен тәржімалдағанда, "селена" - "ай" дегенді білдіреді, және бұл көбелек өз атауын ай нұрындай әсемдігіне қатысты алған. Калиго тегінен шыққан кейбір тауыскөзділердің қанаттарының екінші жұбында үкінің көзіндей дөңгелене баттиған таңбалар жанарға шалынады. Көбелек тұтқиылдан қауіп төнген сәтте оны көрсетугуе мәжбүр. Және бұл қарумен өз жаулары-құстар мен ұсақ сүтқоректілерді абыржытып тастайды.

Таралуы Бұлар Оңтүстік-Шығыс Азияның субтропикалық ормандарынан сая тапқан. Дөңгелек көзшелермен бірге оның қанаттары үшбұрышты ашық саңылауға сән беріп тұрады. Тек Мадагаскар аралында ұшырасатын сатурния-құйрықты жұлдызға қатты ұқсайды.

Классификация Тұқымдаста келесі тұқым тармақтары бар: Oxyteninae Cercophaninae Arsenurinae Jordan, 1922 [Ceratocampinae Harris, 1841 Hemileucinae Grote & Robinson, 1866 Agliinae Packard, 1893 Ludiinae Aurivillius, 1904 Salassinae Michener, 1949 Saturniinae Boisduval, 1834

Галерея

Дереккөздер Балалардың энциклопедиясы РОСМЭН, Жәндіктер, Мәскеу Росмэн 2012.

Сыртқы сілтемелер Moths of North America: Saturniidae Bombycoidea of Canada Family Classification of Lepidoptera

Санат:Қабыршақ қанаттылар