Қабық жегілер () - бұрын бөлек тұқымдасы ретінде айқындалған, қазір Ұзынмұрындылар тұқымдасының тармағы ретінде қаралады.

Биологиялық сипаттамасы Барлық қабық жегілердің өзіне тән ерекшеліктері бар: денелерінің артқы ұштарын терең тісшелер қаптаған, оны энтомологтар арба деп атайды. Мұның жәрдемімен қоңыздар жаңқаларды жолынан сыпырып тастап отырады. Қабық жегілер-бойы 1 см болатын қоңыздар, ұзынмұрындылардың жақын туыстары (олардың түтікбастары болмағанымен, осы тұқымдасқа жатқызады). Қабық жегілердің өмірін ағаштан ажыратып ала алмайсыз. Олардың әдеттегі өкілі - Шырша қабық жегі.

thumb|left|180px|Жолдары Pityogenes chalcographus Ол әлі қурап кетпесе де әлсіреген немесе жаңадан шабылған талды зақымдайды. Баспашының аналығы қабық астына жұмыртқа салатын орын әзірлейді. Жұмыртқадан шыға сала дернәсілдер өз жолдарымен кетеді, соның бойында қуыршаққа айналады. Нәтижесінде қабық астында суреті баспа матрицасын еске салатын (қоңыздың да атауы осыдан келіп шыққан) бұралаң жолдар пайда болады. Қуыршақтан түлеген ересек дарақтар қабыққа саңылау салып, ағашты тастап шығады, ал қабығына зиян келген шырша кешікпей қурап қалады. Жыл сайын жаппай көбейген кезде қабық жегілер орман шаруашылығына елеулі шығын келтіреді. Олар бүлдірген шыршалар сырттай қарағанда бүтін сияқты болып көрінеді,бірақ тәжірбиелі орманшылар қабықтан шағын тесіктерді және олардың астынан майда ағаш қиқымын байқайды. Демек, бұл талдың басы бос емес деген сөз.

Түршелері Amphiscolytini Bothrosternini Cactopinini Carphodicticini Coptonotini Corthylini Cryphalini Crypturgini Diamerini Dryocoetini Hexacolini Hylastini Hylesinini Hylurgini Hyorrhynchini Hypoborini Ipini Micracidini Phloeosinini Phloeotribini Phrixosomatini Polygraphini Premnobiini Scolytini Scolytoplatypodini Xyleborini Xyloctonini Xyloterini †Cylindrobrotini

Сыртқы сілтемелер

Короед-типограф Ips typographus (Linnaeus, 1758) — фотография Д. И. Гаврюшина Фотографии (ағылш.). Михаил Мандельштам Короеды (Scolytidae)

Дерек көздер Балалардың энциклопедиясы РОСМЭН,Жәндіктер,Мәскеу Росмэн 2012.

Санат:Қатты қанаттылар