Абдураззақ Самарқанди (Абдар-Раззақ Камал ад-Дин би Жалал ад-Дин Исхақ ас-Самарканди; 1413–1482) — тарихшы.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9

Ғиратта туып, сонда қайтыс болған. Абдураззақ Самарқанди өмірінің көпшілігін Самарқандта өткізіп, білім алды. 1429 жылдан бастап Мауараннахр әмірі Шаһрухтың сарайында қызмет етті. 1441–1444 жылдары Үндістанда, 1446 жылы Ғилянда елші болды. Шаһрух қайтыс болғаннан кейін оның мирасқорлары - Мырза Абду-л-Латифқа, Мырза Абдоллаға және Мырза Әбу-л-Қасымға қызмет етті. 1463 жылдан бастап Шаһрухтың Ғираттағы дәруіш мешітінде шайхы болды. Темір заманының тамаша өкілі ретінде Абдураззақ Самарқандиға атақты ақын, әрі уәзір Әлишер Науаи қамқорлық етті. Абдураззақ Самарқанди - "Матлаъи Саъдайн уа мажмаъи бахрайн" ("Бақытты екі жұлдыздың қосылған жері және екі теңізді түйіске жері") атты 2 томдық белгілі еңбектің авторы, 1467–1471 жылдары жазылған. Оның 1 томы Темірдің өліміне дейінгі (1404), 2 томы Әбу Сайдтың өліміне дейінгі (1469) тарихи оқиғаларды баяндайды, сондай-ақ монғолдар тарихын қамтиды. Шығармада Темір мен Темір әулетінің заманын зерттеу үшін өте құнды материал бар. Абдураззақ Самарқанди еңбегінен оның Ғират тарихы жөнінде де кітап жазғаны байқалады. Бірақ ол бізге жетпеген.Қазақ Совет энциклопедиясы / Бас редакторы М.Қ. Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том

Дереккөздер

Санат:Орталық Азия тарихшылары