Манук Хачатурович Абегян (29.03.1865-25.09.1944) - - армян кеңес әдебиет зерттеушісі, фольклорист, тіл маманы.

Армян КСР ғылым академиясының академигі (1943). Армян тілі мен әдебиеті туралы 250-дей еңбектің авторы.

Аса ірі зерттеулері Жаңа армян әдеби тілінің синтаксисі - 1912 Армян тілінің теориясы - 1931

Әдебиет пен фольклор мәселелеріне арналған еңбектері Мовсес Хоренацидың "Армения тарихындағы" армянның халық мифтары - 1899 Армянның халық эпосы - 1908 Армян өлеңінің өлшемі - 1933 Армян әдебиетінің тарихы - 2 томдық, 1944-46

Тарихи зерде Армения ҒА Әдебиет институтын Абегян Манук Хачатуровичтың есімімен аталған.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Армения тұлғалары