Ақтөбе — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Қызыларық ауылдық округінің құрамына қарайтын бұл ауыл 1991 жылға дейін "Габаевка" деп аталған. Бұл да Ресейден қоныс аударған переселендердің ықпалы. Ақтөбе деген тарихи атауы қайтарылды.

Бұрын бұл жерде биік төбе болған. Топырағы ақберішті бұл төбе алыстан ағарып көрінеді екен. Сонан Ақтөбе аталып кеткен.

Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен839 707 84,3 396 372 93,9 443 335 75,6

Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшерлік, ауылдық клуб жұмыс істейді. Ауыл Алматы темір жолының солтүстік беткейінде. Елді мекен арқылы Бауыржан Момышұлы- Бәйтерек (Октябрское) автомобиль жолы өтеді.

Ауылдың солтүстігінде екі шақырым жерде Қаратауды бөктерлей Теріс өзені ағады. Жағасы қалың тоғай.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жуалы ауданы елді мекендері