Бақалы — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Көкбастау ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 7 км-дей жерде, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының оңтүстігінде орналасқан.

Тарихы Бақалы ауылы тұрғындары 1948 жылға дейін төбе-төбе басында жеке-дара қонып отырған. Тек 1948 жылы ғана көше тілініп, ауыл болып жинақталған. Кеңестік саясат бойынша ауыл Қызылодақ аталып, Большевик колхозының құрамында болды. 1994 жылы ауыл Бақалы болып қайта аталды.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен505 434 85,9 245 214 87,3 260 220 84,6

Дереккөздер

Санат:Жуалы ауданы елді мекендері