Кәлимолла Халиқов (24 маусым 1938 жыл, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала қаласы – 18 қазан 2007, Алматы қаласы) – заң ғылымдарының докторы (1998), профессор (1997). ҚР Гуманитарлық (1998) және әлеуметтік (1999) ғылымдар академиясының академигі.

Өмірбаяны ҚазМУ-ды (1965, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының философия және құқық институтында аспирант, кіші ғылым қызметкер (1966–1970) ҚазМУ-да оқытушы, деканның орынбасары, декан, оқу ісі жөніндегі проректор, 1-проректор (1970–1996) Қазақ гуманитарлық заң институтында 1-проректор, ректор (1996–2000) болды. 2001 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі қызметін атқарған.

Ғылыми еңбектері «Проблемы судебной власти в Республике Казахстан (теоретические и уголовно-процессуальные исследования)» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 280-нен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 10 монографияның, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.

Марапаттары «Құрмет» орденімен (2005) марапатталған.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:24 маусымда туғандар Санат:1938 жылы туғандар Санат:Жаңақалада туғандар Санат:18 қазанда қайтыс болғандар Санат:2007 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Заң ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ гуманитарлық заң институтының профессорлары Санат:Құрмет орденінің иегерлері