Есмағанбет Мұсатай Ғалымұлы (1952 жылы туған, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Рузаев ауданы Шұқыркөл ауылы) – өлкетанушы, фольклортанушы ғалым, физикалық-математикалық ғылым кандидаты. (1985), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1973). Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент (1989), ҚарМПИ, ҚЭУ, ММТУ-нде декан (1999 – 2007) болып жұмыс істеген. 150-ге тарта ғылыми-танымдық жұмыстардың, оның ішінде 7 оқулықтың, 2 монографияның авторы.Қазақ Энциклопедиясы

Пайдаланылған cілтемелер

Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы Асыл сөз Алтынның сынығы Құнды қазына

Санат:Ғылым