Иван Семенович ВоронинҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1971), инженер-металлург, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырушылардың бірі. ҚазКСР-інің еңбек сіңірген металлургы(1975), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1971). 28 тамызда 1924 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында туған.
Еңбек жолдары Еңбек жолын 1947 жылы Өскемен қаласында бастады. Қазақстандағы тұңғыш мырыш зауытын іске қосуға және игеруге қатысты. 1950 жылы КОКП қатарына кірді. 1952 жылы маман ретінде Болгарияға көмек көрсетуге жіберілді, онда ірі химия-металлургиялық кәсіпорындарда бас инженер, кейін директор болып істеді. 1957-1960 жылдары - Бүкілодақтық түсті металлдар ғылыми-зерттеу институтының тәжрибелік зауытында бас инженері. 1960-1963 жылдары - Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының бас инженері. 1963-1981 жылдары Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының директоры. Оның тікелей қатысуымен комбинатта жаңа технологиялық процестер мен жоғары өнімді жаңа жабдықтар жетілдіріліп, өндіріске үлкен техника - экономикалық тиімділікпен ендірілді. 1966-1981 жылдары - Қазақстан Компартиясы ОК-інің мүшесі. 9-10 сайлауда - КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
Жетістіктері КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1971) ҚазСКСР-інің еңбек сіңірген металлургы(1975)
Наградалары 2 рет Ленин ордені Қызыл Жұлдыз ордені 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордені Еңбек алтын ордені(Болгария) Социалистік Еңбек Ері (1971) Медальдар
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері