Яков Германович ГерингҚазКСР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері(1966), ауыл шаруашылығы маманы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1932 жылы Грузия КСР-і, Тбилиси облысы, Болниси қаласында туған.
Еңбек жолдары 1956-1959 жылдары Павлодар облысы ҚазКСР 30 жылдығы атындағы колхозда зоотехник болды. 1960 жылдан КОКП мүшесі 1959-1984 жылдары осы колхоздың председателі. Оның басшылығымен колхоз алдыңғы қатарлы, экономикасы мықты шаруашылыққа айналды, суармалы егіншілік пен мал шаруашылығының жоғары мәдениеті жағынан үлгілі шаруашылық болды. 8-сайлауда - КСРО Жоғарғы Советінің депутаты. 10-сайлауда ҚазКСР Жоғарғы Советінің депутаты.
Наградалары 2 рет Ленин ордені Октябрь революциясы ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері(1966) КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары