Шыбыртқы – көлік айдау құралы. Ол үш-төрт таспадан өте қарапайым етіп өріледі де, ұзын сабына бекітіледі. Қолдануына қарай (жазықтыларды жазалау, мал бағу, т.б.) таспалары көбеюі, сабы ұзаруы немесе қысқаруы мүмкін. Оның ұшына қарай бірте-бірте жіңішкеретін таспасы, қысқа саптылары, қайыстан өрілген түрлері де кездеседі. Бұл сөздің қысқаша түсінігі — мал айдауға арналған ұзын қамшы. «Қазтай қолына тобылғы сапты, бүлдіргі таққан шыбыртқысын алған» (3. Ақышев, Бұршақ.).Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6 Дереккөздер

Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

Санат:Құралдар Санат:Мал шаруашылығы