Шыбынды – Нұра алабындағы ағынсыз көл.
Географиялық орны Қарағанды облысының Осакаров ауданында Алғабас ауылынан солтүстік-батыста 18 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 474,6 м биіктікте.
Аумағы Ауданы 36,0 км2, ұзындығы 8,7 км, ең енді жері 5,4 км, су жиналатын алабы 617 км2 (80%-ы жыртылған).
Гидрографикасы Көл қазаншұңқыры ұсақ шоқылар аралығындағы ойыста. Жағалауы жайпақ. Көл айдынын құрақ басқан. Жауын-шашын суымен толығады. Суы тұзды. Көлдетіп суару үшін бөгет жасалған. Барлық сарқынды суы реттелген.
Өсімдігі, жануарлары Жағалауында құрақ, қоға, қамыс, өлеңшөп өседі. Көптеген құстар ұя салады. Көлде суда жүзетін құстардың ұдайы өсіп-өну алаңы құрылған, мұнда олардың аулануына тыйым салынған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Осакаров ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы