Бор қышқылы (ортобор қышқылы, Н3ВО3) — анорганикалық үш негізді әлсіз қышқыл, ақ кристалл зат. Ол ыстық суда, спирт және т.б. органикалық еріткіштерде ериді. Бор қышқылын қыздырған кезде, оның құрамынан су бөлініп шығып, әуелі метабор қышқылына (НВО2), содан кейін бор ангидридіне (В2О3) айналады. Бор қышқылын оның табиғи тұздарын өңдеу арқылы алады. Ерітіндіні салқындатып, Бор қышқылы кристалдарын бөліп алады.
Алуы Мысалы, натрийдің тетраборатының (бураның — Na2B4O7*10H2O) ыстық ерітіндісін күкірт қышқылымен әрекеттестіріп алуға болады:
Na2B4O7*10H2O + H2SO4 -> 4H3BO3 v + Na2SO4 + 5H2O
Диборан гидролизі арқылы:
B2H6 + 6H2O -> 2B(OH)3 + 6H2 ^Housecroft, C. E.; Sharpe, A. G. Chapter 13: The Group 13 Elements // Inorganic Chemistry (ағыл.). — 3rd. — Pearson, 2008. — P. 340. — ISBN 978-0-13-175553-6.
Қолданысы Бор қышқылы бояу алуда, қағаз шығару, тері өңдеу өндірістерінде, дәрі-дәрмек жасауда қолданылады. Дереккөздер</span> «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Санат:Бор қосылыстары Санат:Тыңайтқыштар Санат:Бейорганикалық қышқылдар Санат:Оттегі қосылыстары